Мемлекет басшысы әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті

ABONE OL
6 Mayıs 2023 11:34
Мемлекет басшысы әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті
0

BEĞENDİM

ABONE OL

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы әлемдік шахмат элитасының өкілдерімен кездесті

2023 жылғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайысқа түскен Ян Непомнящий мен Дин Лижэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, ФИДЕ аясындағы әйгілі спортшылар қатысқан ең беделді турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Мен, ең алдымен, Дин Лижэнь мырзаны тартысты өткен сайыста әлем чемпионы атағын жеңіп алуымен құттықтағым келеді. Сондай-ақ гроссмейстер Ян Непомнящийге көрсеткен шеберлігі үшін құрметімді білдіремін. Әлемнің бүкіл шахмат қоғамдастығы турнирге назар аударды. Шахмат жанкүйерлері шаршы тақтадағы ойынды жіті бақылады. Турнир сәтті өтті деп есептеймін, – деді Президент.

 

Мемлекет басшысы Қазақстанда шахматты дамытуға айрықша көңіл бөлінетінін айтты.

– Бүгінде елімізде 200 мыңнан аса адам шахматпен шұғылданады. Қазақстан Республикасы Шахмат Федерациясының көмегімен және ФИДЕ-нің атсалысуымен бұл көрсеткіш кемінде екі есе артуға тиіс. Қазақстанда шахмат тиісті деңгейде дамиды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өз кезегінде Халықаралық шахмат федерациясының басшысы Аркадий Дворкович құрмет көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты.

– Біздің соңғы кездесуімізден бері 7 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Сіздің жан-жақты қолдауыңызбен Қазақстанда бес әлем чемпионатын өткіздік. Шахмат спорты Қазақстанда қаншалықты танымал екеніне куәміз. Цифрлар таңғалдырады. Әрі ол келешекте арта түседі. Мен бұған сенімдімін. Өйткені мемлекет пен демеушілер тарапынан көрсетілетін қолдау әрқашан жақсы нәтиже береді, – деді ФИДЕ президенті.

 

Аркадий Дворковичтің айтуынша, әлем чемпионатының аясында көптеген қосымша жарыстар өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның әйелдер құрамасының әлем құрамасына қарсы ойыны, балалар турнирлері, әлемнің жетекші шахматшыларының қатысуымен шеберлік сағаттары мен бірреттік ойын сеанстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ ол биыл жазда Қазақстанда алғаш рет мектептер арасында әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жарысқа кемінде 80 елдің өкілі қатыспақ.

 

Қытай гроссмейстері Дин Лижэнь осы матчқа шақырту алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

– Сізбен кездесу – біз үшін зор мәртебе. Осы турнирге қатысып, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Ойыннан керемет ләззат алдым, – деді ол.

 

 

 

Өз кезегінде гроссмейстер Ян Непомнящий Қазақстанда шахматқа қызығушылық жоғары екеніне назар аударды.

– Матч ұйымдастырушыларына, еліңізге алғыс айтамын. Сіздің еліңізде шахматқа деген қызығушылық ұдайы артып келе жатқанын көріп отырмын. Федерацияның жаңа басшылығымен дұрыс бағытта дамып жатырсыздар, – деді ол.

Кездесу соңында Президент шахматшылардың биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді. Сондай-ақ ФИДЕ-мен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-alemdik-shahmat-elitasynyn-okilderimen-kezdesti-245136

 

 

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.


HIZLI YORUM YAP

SON DAKİKA HABERLERİ