Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
  • Tacikistan Gazetesi
  • Dünya
  • Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

ABONE OL
30 Ocak 2023 13:51
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
0

BEĞENDİM

ABONE OL

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

2023 жылғы

Президентке қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және осы жылға арналған жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда әкімдігі әлеуметтік нысандар салуға, елді мекендерді дамытуға, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтауға, жеке инвестициялар тартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Жеңіс Қасымбек «Жайлы мектеп» жобасының іске асырылу барысы туралы есеп берді. Ұлттық жоба аясында жаңа форматтағы 100 мың орындық 25 мектептің жобасы жасалып жатыр. Мектептердің құрылысы биыл басталады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Мысалы, ССС-3 станциясының қуаты тәулігіне 100 текше метрден астам суды тазалап, жеткізуге жетеді. «Тұран» газ жылу станциясы 8 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылытуға қауқарлы. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-astana-kalasynyn-akimi-zhenis-kasymbekti-kabyldady-2703517

 

 

 


HIZLI YORUM YAP

SON DAKİKA HABERLERİ

Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.