🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Жаңалықтар
Астана, Қазақстан
Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты
2024 жылғы
Алматы қаласы
Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат беретін Ахуалдық орталықты аралап көрді.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қала әкімі Ерболат Досаев аталған орталық Big Data талдауы мен Open Data тұжырымдамасын енгізу негізінде сапалы шешімдер қабылдау үшін тиімді құрал болатынын айтты.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Бұл орталық мегаполистегі өмірдің барлық аспектісіне қатысты деректерді жинап, талдауға, халықты құлақтандыруға және қала билігінің тұрғындармен арадағы кері байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматының Ахуалдық орталығы қала тіршілігінің барлық саласын қамтитын 53 модульден тұрады. Деректер 50-ден астам ұйымнан, сондай-ақ мемлекеттік және қалалық ақпараттық жүйелерден (Ұлттық статистика бюросының сайты, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «109 қызметі», «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі», «Сергек», «Оңай», Метрополитен, ТЖД және т.б.) жиналады.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Президенттің тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігіне айрықша мән беріледі. Былтыр Алматыдағы барлық мемлекеттік мектеп пен балабақшаларда алғаш рет кешенді қауіпсіздік жүйелері енгізілді. Мемлекет басшысына оның цифрлық бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері, Face ID қондырғысы бар арнайы турникеттер секілді 4 бөліктен тұратыны жөнінде баяндалды.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
– Жасанды интеллект азаматтардың, атап айтқанда, Алматы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге тиіс. Сондықтан мен сіздердің жасанды интеллект құралдарын енгізу жоспарыңызды қолдаймын. Бұл бір. Екіншіден, қаладағы көлік жағдайына ерекше назар аудару керек. Мұны анық байқауға болады. Бұл – өте өзекті мәселе. Мұнда жасанды интеллект ерекше рөл атқаруы керек. Әрине, қауіпсіздікті назардан тыс қалдыруға болмайды. Қауіпсіздік бірінші орында тұруы керек, – деді Президент.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Содан кейін Мемлекет басшысы мегаполистің көлік жүйесін дамыту жөніндегі баяндаманы тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылдан кейін қоғамдық көлікті толықтай газға және электрге көшіру жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндалды. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес алдағы 2 жыл ішінде қоғамдық көліктің барлық коммуналдық автопаркін жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар 11 жылда алғаш рет троллейбус паркін жаңарту қолға алынды.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Қалада жол құрылысының қарқыны артып келеді. Алматыда былтыр 70 көшеге 25 шақырым жаңа жол салынса, биыл 136 көшеге жалпы ұзындығы 70 шақырым болатын жол төсеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ өткен жылы 200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл бұл көрсеткіш 250 шақырымға дейін ұлғайтылмақ.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Қаланың Алматы агломерациясымен көлік байланысын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау аясында жолайырықтар құрылысы жүргізіліп жатыр. Қаланың шетінен орталығына қарай келетін радиалды жолдарды ашу жұмыстары жүзеге асырылуда. Осы жылдың соңына дейін Саин мен Мөңке би және Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жол айырығын салу жоспарланып отыр.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Мемлекет басшысына орнықты көлік базасын қалыптастыру жөнінде жүйелі шешім қабылданғаны туралы мәлімет берілді. Оның негізін жылдам жүретін қоғамдық көліктер құрайды. Жаңа BRT, LRT және метро желілерін ашу заманауи мегаполистің талаптарына сай келетін қалалық ұтқырлықтың тиімді моделіне көшуге мүмкіндік береді. Осы орайда «Қалқаман» жаңа метро станциясын ашып, метрополитеннің «Барлық» базарына дейінгі үшінші кезегін салу жұмыстарын бастау керек. Сондай-ақ метроны солтүстік және шығыс бағыттарда дамыту жобаларын жүзеге асыруға кірісу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Төле би көшесімен өтетін және Алматының батысы мен шығысын жалғайтын LRT-нің (26 км) бірінші желісін іске қосу көзделген.
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Баяндаманы тыңдаған соң, Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік жүйесін дамыту жөніндегі жобаларды қолдайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жобалардың іске асырылуы Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізіп, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тиісті құжаттарды тез арада дайындап, жобаларды жүзеге асыруға кірісу керек екенін айтты.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-ahualdyk-ortalyktyn-zhumysymen-tanysty-2504828
🔹Президент Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыhttps://t.co/X1WOlZjrIV
🔸Президент ознакомился с работой Ситуационного центраhttps://t.co/qHPfAe2vqN pic.twitter.com/hMKjpwJX72
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) January 25, 2024
Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.