Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті
  • Tacikistan Gazetesi
  • Kültür Sanat
  • Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті

Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті

ABONE OL
22 Ocak 2024 13:28
Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті
0

BEĞENDİM

ABONE OL

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті

2024 жылғы

Италия, Рим қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Римге ресми сапары аясында БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесу өткізді.

 

 

 

Президент бүгінгі кездесу жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге бағытталған Қазақстан мен аталған ұйым арасындағы серіктестікті талқылауға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

 

 

 

Мемлекет басшысы еліміздің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және БҰҰ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы секілді басқа да халықаралық ұйымдар аясында гуманитарлық көмек көрсету бойынша жүзеге асырып жатқан шаралары жайында айтты.

 

 

 

2023 жылы Қазақстан алты мемлекетке 9,2 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Еліміз Газа секторындағы күрделі ахуалды ескере отырып, Палестина халқына қайырымдылық шарасы ретінде 1 миллион доллар бөлді және 2 рет гуманитарлық көмек жеткізді. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккен Ауғанстан, Түркия, Пәкістан және басқа да елдерге қаржылай көмек көрсетті.

 

 

 

Президент Ауғанстандағы жағдайға баса назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, халықаралық қоғамдастықтың осы елдегі гуманитарлық дағдарысты тоқтату ісін жалғастыруы өте маңызды.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталығын ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл Орталықтың қызметі аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуда БҰҰ-ның ведомствоаралық үйлестіру жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Синди Маккейнді алдағы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-buu-duniezhuzilik-azyk-tulik-bagdarlamasynyn-atkarushy-direktory-sindi-makkeynmen-kezdesti-1902011

 

 

 

 


HIZLI YORUM YAP

SON DAKİKA HABERLERİ

Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.