Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
  • Tacikistan Gazetesi
  • Kültür Sanat
  • Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

ABONE OL
8 Mayıs 2023 10:07
Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
0

BEĞENDİM

ABONE OL

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
2023 жылғы
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтап, жыл сайын қатар атап өтілетін қос мереке Отан үшін от кешкен аға буын мен егемен елдің сарбаздары арасындағы сабақтастықты білдіретініне назар аударды.

– Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Сондай-ақ өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті. Қазақстан – бейбіт мемлекет. Біз барлық елдермен достық қатынас орнаттық. Мемлекеттер арасындағы кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Барлық жағдайға сақадай сай болуымыз айрықша маңызды. Еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейту, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету еліміздің мызғымас басымдықтары екенін атап өтті.

– Мемлекет күштік құрылымдарға көрсетілетін қолдауды дәйекті түрде кеңейтіп келеді. Инфрақұрылым, материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау мәселелері кезең-кезеңмен жақсарып, еңбекақы мен әлеуметтік жеңілдіктер артып келеді. Әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, күштік құрылымдардың ардагерлері әрдайым мемлекеттің көмегі мен қамқорлығына сенуіне болады. Отан қорғау – әрбір азамат үшін биік мәртебе. Сондай-ақ бұл – туған елдің, болашақ ұрпақтың алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздер еліміздегі бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Өз ісінің нағыз шебері атанып, мінсіз қызмет атқарып келесіздер. Ортамызда антына адал болып, ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тіккен бейбіт күннің батырлары бар. Олардың ерлігі, шын мәнінде, барша халыққа, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін қорытындылай келе, ел тыныштығын, мемлекет қауіпсіздігін қорғауға атсалысып жүрген барша азаматқа алғыс айтты.

 

 

 

Бұдан кейін Мемлекет басшысы ерлігімен және еңбегімен дара шыққан бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды.

– Құрметті офицерлер мен сарбаздар! Марапаттарыңыз бен атақ-шендеріңіз құтты болсын! Антқа адал болып, мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін қызмет етейік. Бұл – парыз әрі зор мәртебе, – деді Президент сөзінің соңында.

Мемлекет басшысының қолынан әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен алған офицерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

Отан қорғаушы күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталған тұлғалар тізімі

I дәрежелі «Даңқ» орденімен

 

Құсайынов Марат Рақымұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы;

II дәрежелі «Даңқ» орденімен

 

Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы

Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің бастығы

Үштаев Қуанышбек Өскенбайұлы

Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы

Шалабаев Серік Рысқалиұлы

Батыс Қазақстан облысының прокуроры;

I дәрежелі «Айбын» орденімен

 

Оразалиев Арман Молдиярұлы

Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары;

 

II дәрежелі «Айбын» орденімен

 

Әбдіханов Қуат Аманбекұлы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің департамент басшысы

Әбдібаев Жандос Нарымбетұлы

Алматы қаласы прокурорының орынбасары

Басшыбаев Мадияр Бекенұлы

Жетісу облысының прокуроры

Дербішев Мұрат Ақынбекұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызметі директорының орынбасары

Жұматаев Тайыр Қайырұлы

Қорғаныс министрлігі 97616 әскери бөлімінің командирі

Ибраева Сәния Хамидқызы

Мемлекеттік күзет қызметінің қызмет бастығы

Қожықов Серік Елібайұлы

Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» Президенттік полкінің басқарма бастығы

Нұранов Миржан Қайратұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары

Нұркельдиев Дастан Смағұлұлы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқарма бастығының орынбасары

Омаров Асхат Нұрболұлы

Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы

Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы

Астана қаласының прокуроры

Рудковский Денис Иосифович

Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары

Тойшыбеков Асқар Тасболатұлы

Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

III дәрежелі «Айбын» орденімен

 

Кембаев Әділет Ерікұлы

Ішкі істер министрлігінің «Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ взвод командирінің көмекшісі;

 

«Құрмет» орденімен

 

Дүйсекова Әлия Абайқызы

Ішкі істер министрлігінің департамент бастығының орынбасары

Омаров Ғалымжан Жұмаханұлы

Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталі бастығының орынбасары;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

 

Байғонақов Азамат Сайранұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5510 әскери бөлімінің штаб бастығы – жасақ командирінің орынбасары

Дәуренқұлов Әділ Еркінұлы

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі – құтқарушысы

Ысқақов Ермек Ержанұлы

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Абзалиев Олжас Қайратпекұлы


Мемлекеттік күзет қызметінің аға инспекторы

Дүйсенова Раушан Болатқы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы

Қалқұзов Ербол Өтегенұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы

Қонысбаев Алмас

Құдайбергенұлы

Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны мергендер взводының командирі

Нұғыманов Бақытжан Зейноллаұлы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі

Омаров Жеңіс Омарұлы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері

Снадинов Айдос Шынбайұлы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басқарма бастығының орынбасары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-memlekettik-nagradalar-zhogary-askeri-zhane-arnauly-ataktar-synyptyk-shender-tapsyru-rasimine-katysty-5458

 

 

 

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.


HIZLI YORUM YAP

SON DAKİKA HABERLERİ

Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.