Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі
  • Tacikistan Gazetesi
  • Siyaset
  • Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі

Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі

ABONE OL
15 Şubat 2024 18:24
Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі
0

BEĞENDİM

ABONE OL

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі

2024 жылғы

Қатар, Доха қаласы

 

 

 

 

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, қазіргі жаһандық және өңірлік күн тәртібіне қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді. Президент Қатарға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде қонақжайлық көрсеткені үшін Әмір Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев – Консультативтік Кеңестің алдында сөз сөйлеген алғашқы шетел президенті. Мемлекет басшысы Қатардың 2021 жылы заң шығарушы органға алғаш сайлау өткізгенін атап өтіп, бұл шешімнің маңызы зор екеніне назар аударды. Оның айтуынша, аталған бастама Қатардың өркендеуіне ықпал етіп, халықаралық беделін нығайтады.

 

 

 

 

– Бүгінде Қатар – озық және қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен, сондай-ақ белсенді әрі бейбіт сыртқы саясатымен танымал. Жоғары Мәртебелі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің басшылығымен сіздердің еліңіз үлкен жетістіктерге жетті. Қатар өзінің қуатты экономикасын және өркендеген қоғамын мақтан тұтуына болады. Біз бұл мемлекеттің «Қатар – 2030» ұлттық бағдарламасын жоғары бағалаймыз. Мен қатарлық достарымызға осы игі миссияны жүзеге асыру жолында сәттілік тілеймін. Осыған байланысты Консультативтік Кеңес ауқымды реформаларға аса маңызды заңнамалық қолдау көрсетеді және негізгі ішкі процестерді қадағалап отырады, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі, заң үстемдігі, теңдік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген «Әділетті Қазақстанды» құру жөнінде айтты. 2022 жылы еліміздің саяси жүйесін кең көлемде жаңғырту үдерісі басталды.

 

 

 

 

– Қазақстан барынша инклюзивті саяси жүйе мен экономика құрып жатыр. Біз есеп беру және реформа жүргізу қағидаттарын ұстанамыз әрі өткенімізге шынайы көзқараспен қараймыз. Өз дамуымызды мақтан тұтамыз және болашаққа батыл қадам басамыз. Сондай-ақ адам құқықтарын сақтауға бейілдіміз. Гендерлік теңдікті сақтау, еңбекті қорғау сияқты бірқатар бастаманы жүзеге асырып жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мен Қатар берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтарға және өзара қолдауға негізделген сенімді серіктестік қатынастарды құптайды.

– Осы уақытқа дейін біз экономиканың түрлі бағытында, соның ішінде энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және туризм салаларында көптеген бірлескен жобаны жүзеге асырдық. Алдағы уақытта Қатардың Қазақстандағы ең ірі 10 инвестордың бірі болуына мүмкіндік мол. Әмірмен кездесуде біз сауда көлемін ұлғайту жөнінде алдымызға жаңа мақсат қойдық. Мұнай мен газды барлау саласы да өте перспективті бағыт саналады. Біз маңызды геологиялық жаңалықтарға ықпал ететін озық әлемдік тәжірибелерді меңгеру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президенттің пікірінше, халықаралық көлік және транзиттік бағдарлар тағы бір мүмкіндікке жол ашады. Бұл тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына және осы дәліз арқылы жүк тасымалы көлемінің едәуір артуына зор үміт артылады.

 

 

 

 

– Кейінгі уақытта елдеріміз арасындағы ықпалдастықтың артып келе жатқанына көңіліміз толатынын атап өткім келеді. Екі елдің кәсіпкерлері мен азаматтары визасыз режим мен апта сайын ұшатын 20-ға жуық рейстің игілігін көріп отыр. Дегенмен бұл көрсеткішті арттыруға мүмкіндік бар. Сондықтан алдымызда атқаратын қыруар жұмыс тұр. Менің сапарым және Қатар басшылығымен бүгінгі пікір алмасулар өзара қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы халықаралық мәселелерге де ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси қақтығыстар мен қайшылықтардың, терроризмнің, төтенше климаттық жағдайдың жаһандық күн тәртібінен түспей тұрғанын әрі бұл дүниежүзінің қауіпсіздік архитектурасына нұқсан келтіретінін мойындау қажеттігін мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық қауіп-қатер Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бір мезгілде бұзылуынан туындайды.

 

 

 

 

– Жаңа қағидаттар мен нормаларға сай келісімге келу үшін қолайлы жағдай жасаудың жалғыз жолы – диалог. Сондықтан бүкіл жанжал БҰҰ Жарғысы және жалпыға ортақ халықаралық құқық негізінде шешілуге тиіс. Мен бұған сенімдімін. Қауіпсіздік Кеңесіне жан-жақты реформа жүргізбей, бұл түйткілдің түйінін шеше алмаймыз. Ал Қауіпсіздік Кеңесі тығырықтан шығатын жол таба алар емес. Демек, оның мүшелерінің құрамын анағұрлым кеңейту қажет. Бұл ретте Қазақстан Кеңесте орташа державалар мен дамушы елдердің де үні естілуі керек деп санайды. Осы орайда Қазақстан да, Қатар да дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісінде елеулі рөл атқара алады, – деді Президент.

 

 

 

Мемлекет басшысы Қатардың бітімгерлік рөліне және әлемдегі көптеген жанжалды, соның ішіндегі Палестинадағы жағдайды реттеуді көздеген мәмілегерлік әрекеттеріне жоғары баға берді.

– Зорлықтан тек зорлық туады. Мұның салдары Таяу Шығысқа да, басқа елдерге де ауыр тиеді. Сондықтан қақтығысты одан әрі ушықтырмау үшін жоғары деңгейдегі дипломатия қажет. Жағдайды ымыраласуға қарай бейімдеп, екі мемлекеттің қатар өмір сүру мүмкіндігін қарастыратын шешім табу үшін барлық мүдделі тараптар, соның ішінде өңірлік серіктестер мен әлемдік көшбасшылар айрықша күш-жігер жұмсауы керек. Бұл ретте Қатардың дамылсыз әрекеттерін, әсіресе, оның дағдарысты реттеуге және өшпенділікті, зорлық-зомбылықты, қантөгіс пен қайғы-қасіретті тоқтатып, маңызды бітімгерлік процесті ілгерілетуге бағытталған белсенді дипломатиясын тағы да құптаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Президенттің пайымдауынша, Қатармен көпжақты серіктестіктің орнықты дамуы өңірдегі, әсіресе, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей байланысты.

– Қазақстан БҰҰ арналары және басқа да халықаралық ұйымдар арқылы Ауғанстанға көмек көрсетіп келеді. Аталған елмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстан «Талибан» қозғалысын лаңкестік ұйымдар тізімінен алып тастады. Бұл қадам, сондай-ақ еліміздің Алматыда Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы бастамасы Ауғанстанның әлемдік қоғамдастыққа қосылуына септігін тигізеді деп санаймыз. Сонымен қатар бұл ауған халқына гуманитарлық қолдау көрсетудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

Президенттің пікірінше, Орталық Азия қазір өз тарихындағы бетбұрыс кезеңін өткеріп жатыр. Өңірдегі саяси және экономикалық байланыстар едәуір жандана түсті.

 

 

 

 

 

– Біз Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастырып жатырмыз. Ежелгі заманнан бері өркениеттердің дамуында маңызды рөл атқарған бұл өлке қазір де, келешекте де бірегей мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл ретте біз Қатармен кең ауқымды серіктестікті дамытуға ерекше мән береміз. Былтыр Жидда қаласында өткен «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммиті елдеріміздің өңірішілік ынтымақтастықты дамытуға ұмтылатынын көрсетті. Жоғары деңгейдегі осы кездесудің нәтижелері саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі күшейтіп, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты, халықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы тұрақты даму талпыныстарын қолдауға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Президент.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік Кеңес мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде серіктестіктерімен және бақылаушыларымен, соның ішінде Қатармен диалог жөніндегі ықпалдастықты жандандыра түсуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

 

 

 

 

 

Бұған қоса, Президент климаттың өзгеруі және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелердің орындалу барысына тоқталды.

– Маусым айында 2-ші Астана халықаралық форумын өткіземіз. Тақырыбы – «Баянды болашақты бірге құрайық». Бұл алаң климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы және энергетикалық қауіпсіздік секілді көптеген өзекті проблеманы шешу үшін күш біріктіруге ықпал етеді деп сенемін. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Франция Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында One Water салалық саммитіне тең төраға болмақ. Сонымен қатар Астана 2026 жылы БҰҰ аясында Өңірлік климат саммитін өткізуге ниетті. Бұл да маңызды. Климат проблемасын осындай ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана шешуге болады, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

 

 

Сондай-ақ жиында Қатар Мемлекеті Консультативтік Кеңесінің төрағасы Хасан бен Абдулла Әл Ганима сөз сөйледі.

 

 

 

 

– Сіздің Қатарға алғашқы мемлекеттік сапарыңыз екіжақты қарым қатынасты стратегиялық деңгейге көтеруде өте маңызды қадам саналады. Осы ретте сіздің сапарыңыздың аясында Консультативтік Кеңеске келуіңіз екіжақты байланыстарға, парламенттік дипломатияға тың серпін береді. Біз бұл бағытта жан-жақты жұмыс істеуге дайынбыз. Екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуде Консультативтік Кеңес зор рөл атқарады. Екі ел парламенттерінің достық топтары бірлесе белсенді жұмыс істей бастайды деп сенемін. Жоғары Мәртебелі Президент мырза, былтыр елдеріміз өзара дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтті. Екі мемлекет басшыларының кезекпен жиі сапар жасауы қарым-қатынастарымыздың деңгейін көрсетеді, – деді Консультативтік Кеңестің төрағасы.

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-katar-memleketinin-konsultativtik-kenesi-mushelerinin-aldynda-soz-soyledi-1412433

 

 

 

 

Bu yazı yorumlara kapatılmıştır.


HIZLI YORUM YAP

SON DAKİKA HABERLERİ

Veri politikasındaki amaçlarla sınırlı ve mevzuata uygun şekilde çerez konumlandırmaktayız. Detaylar için veri politikamızı inceleyebilirsiniz.